«Малиновый Мыс»
Kempinski Hotel Barbaros Bay Bodrum
Грузия астанасы Тбилисиден 2 сағат қашықтықта, теңіз деңгейінен 800 метр биік орманды Боржом шатқалында, Кура өзенінің аңғарында «Боржоми-Ликани». емдеу-сауықтыру кешені орналасқан. Ол әлемдегі бай тарихы бар танымал курорттардың бірі. Ол бұрынғы заманның басында Ликанида басты резиденциясы бар патша жанұясының меншігі болып табылған.
Минералды сулар мен балшықпен буландыру -бірегей емдеу көздері болып табылатын санаторий. Курорттық маусым жыл бойына жұмыс жасайды. Қаңтар айының өзінде салқындық 5-7 градус жылылықтан төмендемейді.
Негізгі сауықтыру бағыты ішек-қарын ауру жолдарына бағытталған.
Демалушылар үшін кешенді қызмет көрсету түрлері ұсынылады. Спортпен шұғылданушылар үшін хауыз, үлкен және кішкентай спорт залдары, тренажорлық зал, волейбол және баскетбол алаңдары, тенистік корт, сауна, би алаңы, конференц-зал ұсынылады.
Бильярд, кинозал, интернет-кафе, мейрамхана және назар аударарлық жерлерге серуендеу санаторийде бос уақытыңызды қызықты өткізуіңізге көмектеседі. Қазіргі кезде демалушылар үшін екі орындық стандарт және жартылай люкс нөмірлер ұсынылады. Емдеу курсының ұзақтығы 15 күн.




















