Біз мінсіз сервис ұсынамыз!
 

Бос уақыт және спорт

Презентация об оздоровительном комплексе "Сункар"

Сізге, ең алдымен, сіздің демалысты, корпоративтік  іс шараны немесе спартакиаданы ұйымдастырушы ретінде «ҚазМұнайГаз-Сервис» ЖШС-сын таңдағаныңыз  үшін алғыс айтамыз және Сіздің назарыңызға біздің сауықтыру кешендері мен демалыс үйлерінің сипаттамасын ұсынамыз.

 «Сұңқар» сауықтыру кешені сіздің көңіліңізден шығады:

  • егер үлкен қала қарбаласынан алыс болғыңыз келсе;
  • егер сіз Қазақстанның басқа шипажайларынан неғұрлым бағасы төмен сапалы демалыс көздесеңіз;
  • егер сіз тренажерлік залда шұғылдануды, бассейнде жүзуді, отбасымен бірге тыныш жайлы кеш жасауды, алау төңірегінде жақын достармен бірге болуды белсенді демалыспен ұштастырғыңыз келсе;

«Сұңқар» сауықтыру кешені Зеренді көлінің жағалауында, «Көкшетау» ұлттық саябақ аймағында орналасқан. Бұл әдемі таулардың жиегі, орманды жер, көлдердің, шатқалдардың шеті, елесті шыңдар мен бұлақ көзі.  Таза ауа, қарағайлы орман жұпар иісі, көркем табиғат көріністері, жайдарман қарсы алулар қамсыз демалуға, жүйке жұмысын жақсартуға және көңілдің жайбарақаттығын қалпына келтіруге септігін тигізеді. 

«Сұңқар» сауықтыру кешенінде  демалыс және бос уақыт үшін барлық жағдай қарастырылған. Сауықтыру кешенінің қонақтарына ресми кездесулерді демалыс және сауықтыру шараларымен қоса атқару мүмкіншілігі ұсынылады. Біздің мамандарымыз іс шараларды жоспарлауға және өткізуге көмектеседі, жеке іс шара сценарийін құруға, кез келген ойларды іске асыруға және туындаған мәселелер бойынша көмек көрсетеді.

Белсенді демалушылар үшін бассейн, тренажер залы, баскетбол, волейбол, футбол ойындары үшін спорт залы ұсынылады, тәжірибелі нұсқаушылармен бірге орман ішіне жаяу жорықтар болады.

Музыкалық әуесқойлар үшін ойын-сауық бағдарламалары, шоулар, дискотека, кароке ұйымдастырылады. Уақытын интеллектуалды әңгіме өткізуге арнаушылар үшін бильярд және шахмат ойындары ұйымдастырылады.

Сұңқар» СК болу кезінде демалушылар үшін дәстүрлі тағамдар, соның ішінде еуропалық, азия тағамдары кіретін,  қалауыңызды есепке алған әртүрлі ас мәзірлері әзірленеді. «Сұңқар» СК –да демалысты қызықты өткізу үшін барлық жағдай жасалған.

Демалушыларды жеткізу үшін 45 орындық «Мерседес» автобустары ұсынылдады.

Серіктестікпен «Сұңқар» СК балалардың демалыс кезеңдері үшін (жазғы, күзгі, қысқы, көктемгі) спорттық –ойын-сауық бағдарламалары әзірленеді.

Сауықтыру кешенінде бар:

Бос уақыт орталығы:

  • шағын кинозал;
  • дискозалы;
  • конференц –залы;
  • бильярд залы;
  • бар;


Спорткешені:

  • балалар мен ересектерге арналған бассейн;   
  • тренажерлік зал;
  • спорт залы;
  • монша;
  • массаж кабинеті;


Нөмірлерде бар:

Люкс:

  • сан торап, душ бөлмесі;  
  • жұмсақ жиһазы бар қонақ бөлме;
  • кабельдік ТВ;
  • мұздатқыш;
  • екі кісілік кереуеті бар ұйқы бөлмесі;
  • киім ілетін шкафтар;
  • телефон.

Жартылай -люкс:

  • сан торап, душ бөлмесі;  
  • екі және бір кісілік кереуеттер;
  • кабельдік ТВ;
  • мұздатқыш;
  • екі қабатты кереуеттер
  • киім ілетін шкафтар;
  • телефон.


Аумақта бар:

  • спорт алаңдары,
  • мұз айдыны,
  • балалар  алаңы;
  • іс шара өткізу, орманда ашық аспан астында алау ұйымдастыру үшін арнайы жабдықталған алаң;
  • медпункт;
  • КПП.

Демалысты және бос уақытты ұйымдастыру және өткізу, сауықтыру кешендерінің қызметтері жөнінде шағымдар мен ұсыныстар болған жағдайда өз ескертулеріңіз бен түсініктеріңізді келесі электрондық мекенжайға zerenda@kmg-service.kz жолдауыңызды сұраймыз.