Біз мінсіз сервис ұсынамыз!
 

«ҚазМұнайГаз-Сервис» ЖШС бас директоры Б.К.Башеев кестеге сәйкес 2016 жылғы 12-29 ақпан аралығында құрылымдық бөлімшелердің ұжымдарымен бірнеше есепті кездесулер өткізді, ол кездесулерде Серіктестіктің 2015 жылғы қаржылық-шаруашылық қызметінің қорыты

«ҚазМұнайГаз-Сервис» ЖШС бас директоры Б.К.Башеев кестеге сәйкес 2016 жылғы 12-29 ақпан аралығында құрылымдық бөлімшелердің ұжымдарымен бірнеше есепті кездесулер өткізді, ол кездесулерде Серіктестіктің 2015 жылғы қаржылық-шаруашылық қызметінің қорытындысы және келесі жылға арналған мақсаттар туралы айтты.
Тұтас алғанда бір жылдағы жұмыс қорытындысы бойынша 1 млрд. 44 млн теңге мөлшерде пайда түскен, негізгі өндірістік қызметтің өзі Серіктестікке 304 млн теңге пайда әкелген.
Бұл ретте, кірістерді төмендету қарқыны (16%) шығындарды төмендету қарқынынан (5%) озып келе жатқандығын және бұл көрсетілетін қызметтердің тиімділік көрсеткішіне әсер ететіндігін айтты.
Есепті кезеңдегі оң қаржылық нәтижелерге келесі қызмет бағыттары ие: әкімшілік ғимараттарға қызмет көрсету және мүлікті жалға ұсыну.
Жылды шығынмен аяқтағандар: Зеренді филиалы – 200 млн. теңге, сондай-ақ Алматы қ-дағы Өкілдік (19 млн. теңге) және көліктік қызметтер ұсыну (11 млн.теңге), бұлар компанияның 2015 жылғы қаржылық жағдайын нашарлатты.
Бұл мәселелер ұжыммен өткізілетін жыл сайынғы кездесулерде өндірістік бөлімшелермен бірге жан-жақты талқыланды.
Серіктестіктің Инвестициялық қызметіне ерекше назар аударылды.
Ең алдымен бұл 2015 жылғы 9 ақпанда Мемлекеттік қабылдау комиссиясының актісі бойынша қабылданған Астана қ-дағы Қазақстан тарихы мұражайы. Қазіргі уақытта оны мемлекеттік меншікке тапсыру жүзеге асырылуда. Бас директор Серіктестіктің профильді емес активтерін сату, «Щучье қ-дағы гольф-клубтың құрылысы» инвестициялық-стратегиялық жобаны іске асыру, сондай-ақ «Зүбаржат орамы» ғимаратындағы қызметкерлер үшін барынша қауіпсіз жағдайлар жасау бойынша үстіміздегі жылы жүргізілетін үлкен жұмыстарға ерекше тоқталды.
Сондай-ақ Серіктестіктің 2015 жылғы интеграцияланған менеджмент жүйесі қызметінің қорытындысы шығарылды. Бас директор барлық қызметтің басшыларына ИМЖ есебін мұқият талдауды және тиісті қорытынды жасауды тапсырды.
Әлеуметтік мәселелер: «Мамандығы бойынша үздік» конкурсы өткізілді, спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды.
Серіктестіктің өндірістік бөлімшелері қызметкерлерінің балаларына арналып 70%-дан 80%-ға дейінгі жеңілдікпен жазғы кезеңде ұйымдастырылған қосымша маусымға жеке тоқталды. «Сұңқар» СК-де 40-тан астам бала демалды.
2015 жылы әлеуметтік шиеленісті болдырмау мақсатында бірінші жарты жылдыққа республикадағы инфляция деңгейіне сүйене отырып, 7% мөлшерде бір жолғы төлем төленді, сондай-ақ жыл қорытындысы бойынша, мемлекеттік және салалық мерекелерге сыйлықақылар төленді. Баспана мәселесіне де тоқталды. Серіктестік «Самұрық-Қазына» Қоры бекіткен әлеуметтік тұрғын үй ұсыну бағдарламасын бастады, 2015 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша 41 қызметкер тұрғын үй сатып алуға немесе тұрғын үй жағдайын жақсартуға несие алды, өкінішке орай, қазіргі уақытта бұл бағдарлама тоқтатылды.
Еңбек тәртібін мүлтіксіз сақтау және өз лауазымдық міндеттеріне жауапты қарау мәселесіне де ерекше назар аударылды.
Қорытындылай келе, Бас директор қатаң экономикалық дағдарыс және нарықтық бәсекелестік кезінде барлығымыз сапалы жұмыс істеуіміз қажет екеніне, өз еңбегімізбен құрметке жету, Серіктестіктің беделін тұрақты жақсарту керек екенімізге және бұл жаңа Тапсырыс берушілерді тартуға мүмкіндік беретініне, ал бұл компанияның дамуы екеніне тағы да назар аудартты.

Доклады генерального директора перед филиалами, представительством и структурными подразделениями Товарищества


17 Наурыз 2016 Жаңалықтарға оралу