Біз мінсіз сервис ұсынамыз!
 

«Сұңқар» сауықтыру кешенінде (Зеренді к.) жазғы демалыс маусымы аяқталды

23 тамызда Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына және ҚМГ ҰК АҚ-тың құрылуына 10 жыл толуына арналған 2012 жылғы жазғы семестрдің жабылу салтанаты өтті.

Биылғы жазда лагерьде ҚазМұнайГаз компаниялар тобына кіретін ұйымдар қызметкерлерінің бір мың жеті жүзден астам балалары демалып, өз демалыстарын жақсы өткізе алды. Әр қайсысының ұзақтығы 15 күннен 6 ауысым ұйымдастырылды. Әр ауысым үшін лагер әкімшілігі бірегей бағдарлама дайындады. Демалыс кезінде балалардың спорттық жарыстарға, шығармашылық конкурстарға қатысу, үйірмелерге бару, фильмдер мен спектакль көру, Бурабай, Көкшетау және Астанада болатын экскурсияға қатысуға мүмкіншіліктері болды.

Демалушылардың басым көпшілігі еліміздің батыс аймағы – Жаңаөзен, Ақтау, Атырау, Ақтөбеден келген балалар.

Лагерь аумағындағы балалардың қауіпсіздігі мамандандырылған күзет ұйымының күшімен қамтамасыз етілді. Жазғы демалыс кезінде бірде бір төтенше жағдай орын алған емес.

Сондай-ақ  барлық ауысымға қатысушы-балаларды лагерьге әкеліп, кері үйлеріне жеткізу теміржол және әуе көлігімен қамтамасыз етілді.

 


29 Тамыз 2012 Жаңалықтарға оралу