Біз мінсіз сервис ұсынамыз!
 

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ құрылуының 10 жылдығына арналған шаңғы жарысы бойынша жеке біріншілік өткізу

Осыдан 10 жыл бұрын компания қызметкерлерінің белсенді демалысын және балалардың жазғы семестірін ұйымдастыру үшін  Зеренді кентіндегі ғажайып орман алқабында «Сұңқар» сауықтыру кешені құрылды. Бұл базада мбебап ойын залы, бассейін, фитнес залы орналасқан  спорт кешені бар, сондай-ақ шектес аумақта жүгіруге, жүруге, шаңғы тебуге арналған трассалар мен маршруттар бар. Салауатты өмір салтын, корпоративтік рухты және  «ҚазМұнайГаз-Сервис» ЖШС компаниялары қызметкерлері асарындағы өзара қарым-қатынастарды қалыптастыру мақсатында «Сұңқар» сауықтыру кешенінде 2012 жылғы ақпанның 17-нен 19-на дейін «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ құрылуының 10 жылдығына арналған шаңғы жарысы бойынша  жеке біріншілік өткізу жоспарланды. 
Жоғарыда айтылғандардың негізінде, аталған спорт жарыстарына белсенді қатысуға шақырамыз. Қатысуға келіскен жағдайда 2012 жылғы 6 ақпанға дейінгі мерзімде хабарлауды сұраймыз. Жарна сомасы мен қатысу шарттарын мына байланыс  телефондары бойынша анықтауға болады: 8/7172/ 979865, 976066, факс 979831.
Қысқы демалысыңызды бізбен өткізіп, рахат алыңыздар
!


27 Қаңтар 2012 Жаңалықтарға оралу